Мектеп оқушыларына қойылатын "В. Комаров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ішкі тәртіп ережесі » Общеобразовательная школа им.Комарова. Мақтаарал ауданы. Мактааральский район
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Комаров атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп оқушыларына қойылатын "В. Комаров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ішкі тәртіп ережесі
14
май
2016

Мектеп оқушыларына қойылатын "В. Комаров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ішкі тәртіп ережесі

Әр оқушы өз бойына Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғарғы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті:

  1. Оқушы сабаққа кешікпеуі,сабақтан себепсіз қалмауы  тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепсіз қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі қажет.
  2. Әр оқушы бекітілген мектеп формасының үлгісі бойынша киінуге және  сабаққа қажетті оқу-құралдарын үнемі әкелуге, екінші аяқ киімі мен алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндерінің  талап етілген  киім үлгілерін  қатаң түрде сақтауға міндетті.
  3. Қыз балалар шаштарын үнемі өріп, беттік бояуларын  (косметика) пайдаланбай, мектеп оқушысына сай шаш үлгісін сақтап, бантик тағып жүруі тиіс.
  4. Мектепте ер балалар ұзын шаш қоюға және оқушылар  мектеп ішінде (тақия, орамал, телпек) киіп жүруіне , мектеп ішінде  2.5 -3 см жоғары  биік өкшелі аяк киім киіп, тізеден жоғары юбка киюге  тыйым салынады.
  5.  Мектептегі  мұғалімдермен, арнайы келген қонақтармен, техникалық қызметкерлермен таныс болмаса да сәлемдесіп жүруге және  барлық уақытта өз ана тілінде сөйлеуге міндетті.
  6. Оқушы өз ауысымының басталуына 20 минут қалғанда мектепте  болуы тиіс.
  7. Қоғамдық іс-шараларға  белсене араласып, өзінің саналы түрде болашақ мамандығын  таңдауға  дайындалуы тиіс.  
  8. Оқушы қоғамға кері әсер ететін насихат жұмыстарына араласпауға міндетті.
  9. 5,6,7,8,10 сыныптардың оқушылары жазғы еңбек практикасына қатысуға міндетті. Еңбек тәрбиесі  бойынша тапсырмаларды орындау   барысында қауіпсіздік техника ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Әр оқушы өрт қауіпсіздігі мен  жол ережелерінің қауіпсіздігін  сақтауға міндетті.
  10. Лицей сынып оқушылары «Жазғы академия» лагеріне қатысуға міндетті.
  11. Оқушы мектеп мүлігін бүлдірсе, оны ата-анасы орнына  келтіруі тиіс;
  12. Жоғалған немесе ұмытып кеткен затты кезекші мұғалімге және мектеп әкімшілігіне тапсыруы тиіс;
  13. «Болашақтың мектебі-бүгін» жобасы бойынша оқушылар турникеттен оқушы куәлігімен кіріп-шығуға міндетті.
  14. Сабақ кезінде мейірбикенің немесе ауысымға жауапты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының рұқсатынсыз кетуге тыйым салынады.
  15. Достарына адал болып, мектеп ұйымының тұтастығын сақтап, оның пайдалы жақтарын дамытуға міндетті.
  16. Мектеп қызметкерлері мен ұстаздарға дөрекі сөйлеп, сөз қайтармауы тиіс. Мектеп ішін,  мектеп ауласын көгалдандыруға және  үнемі тазалығын сақтауға міндетті.
  17. Мектеп ішінде, сабақ уақытында ұялы телефондарын пайдалануға  тыйым салынады. Ұялы телефондары мен  басқа да бағалы заттары  жоғалса мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.


                                    Қатаң тыйым салынады:
  1. /себепсіз сабаққа кешігу, келмей қалу/. Денсаулығына байланысты жағдайда медициналық анықтаманы әкелу керек;
  1. Үзіліс кезінде оқушы мектептің ішінде жүгіруге, мектеп ауласына шығуға, бірін- бірі итеруге, күш қолдануға , терезе жақтауында отыруға, өз бетімен терезені ашуға;
  2. (наушник) музыка тыңдауға;
  3. Жаз мезгілінде кешкі 21.30 дан кейін, қыс мезгілінде 20.30 дан кейін коғамдық  орындарда, көшеде жүруге (жанғыш, өткір, кескіш) заттарды әкелуге;

  4. Біреудің затын рұқсатсыз иемденуге;
  5. Мектеп оқушысына сай шаш үлгісін сақтап, мектепте ер балалар ұзын шаш қоюға және оқушылар  мектеп ішінде бас киім (тақия, орамал, телпек,т.б) киіп жүруге  тыйым салынады.

 

Әр оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив